Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы N 84 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігін (бұдан әрі – Агенттік) бөліп шығару жолымен, оған конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитетін таратсын;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің таратылатын Діни істер комитетінің штат санын Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Агенттік Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің таратылатын Діни істер комитетінің міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып белгіленсін.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі».
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi