Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына және "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 173 Қаулысы
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 252-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 173 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған cтратегиялық жоспары
1-бөлiм. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы
Азық-түлік қауіпсіздігін және өнім экспортының өсуін қамтамасыз ететін бәсекеге қабiлеттi агроөнеркәсiп кешенін құру, сондай-ақ, агроөнеркәсiп кешенінде, су, орман, аңшылық және балық шаруашылықтарында мемлекеттiң саясатын тиімді қалыптастыру және iске асыру арқылы елдің табиғат ресурстарын сақтау және дамыту.
Пайымдауы
Министрлік Стратегиялық жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізетін болады:
1) АӨК-нiң жалпы қосылған құнын 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда кемінде 16 %-ға ұлғайту;
2) агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнiмдiлiгiн арттыру;
3) агроөнеркәсіп кешенінің өнімін сатудан түскен экспортты табысын 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 20 %-ға арттыру
4) ішкі азық-түлiк нарығын 75 % деңгейінде отандық тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету.
2-бөлiм. Ағымдағы жағдайды және тиiстi салалар (аялар) қызметiнiң даму үрдiстерiн талдау
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
Полная версия