Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2017
Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 4 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 07.12.2016 жылғы № 778 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 мамырдағы
№ 493 қаулысымен
бекітілген
Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы
1. Осы Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына және «Қазақстан Республикасының 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келісіміне (КҚЕК) қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2272 Жарлығына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастырудың және осы құрылғылармен жабдықталуға тиісті автокөлік құралдарында тахографтарды қолдану тәртібін анықтайды.
2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.01.2013 жылғы № 68 Қаулысымен (05.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi – тасымалдаушы) – меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдарына иелiк ететiн, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе поштаны тасымалдауда ақылы немесе жалданып қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2013 жылғы № 1399 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) ақпаратты көшіру – электрондық (цифрлық) тахографтың жадындағы немесе жүргізушінің карточкасындағы ақпараттың бәрін немесе бөлігін тасымалдаушының бағдарламалық - техникалық құралдарына көшіру;
3) бақылау карточкасы – электрондық (цифрлық) тахографпен жабдықталған көлік құралдарын басқаратын жүргізушінің қозғалыс жылдамдығы режимдерін, еңбек және тынығу режимдерін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, бақылау органдары туралы ақпарат бар карточка;
4) басқа жұмыс – көлік немесе одан тыс сектордағы сол немесе басқа жұмыс берушіге жұмысты қоса алғанда, көлік құралын басқарудан басқа кез келген еңбек қызметі. Бұл термин күту уақытын және басқару үшін қолданылмайтын және жылжымалы көлік құралында, паромда немесе поезда өткізілген уақытты қамтымайды;
5) басқарудың апталық ұзақтығы – апта ішінде жалпы жиынтық басқару ұзақтығы;
6) басқарудың күнделікті ұзақтығы - күнделікті демалыстың кез келген екі кезеңі немесе күнделікті және апталық демалыс кезеңдері арасындағы басқару ұзақтығы;
7) бірнеше адамнан тұратын экипаж – көлік құралында демалудың жүйелі күнделікті кез келген екі кезеңі арасындағы немесе күнделікті демалыс кезеңі және демалудың апта сайынғы кезеңі арасындағы оны басқару үшін кем дегенде екі жүргізуші болатын жағдай;
8) демалыс – жүргізуші өз уақытын еркін пайдалана алатын кез келген үздіксіз кезең;
Полная версия
ИС BestProfi