Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2016
"Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі N 376 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6419 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 желтоқсаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 30.11.2016 жылғы № 629 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 263 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауында «ережесін» деген сөз «нұсқауын» деген сөзге ауыстырылсын;
кіріспесінде «112, 113-баптарына» деген сөз бен сандар «112-бабына» деген сөз бен санға ауыстырылсын;
1-тармақта «Ережесі» деген сөз «Нұсқаумен» деген сөзбен ауыстырылсын «(бұдан әрі – Нұсқау)» деген сөздер алынып тасталсын;
«Ережені» деген сөз «Нұсқауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Ереженің» деген сөз «Нұсқаудың» деген сөзбен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесінде:
атауында «Ережесін» деген сөз «Нұсқауын» деген сөзге ауыстырылсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік мониторинг жүргізу туралы осы Нұсқау (бұдан әрі – Нұсқау) Бюджеттік кодекстің 112-бабына сәйкес әзірленген.»;
екінші абзацта «, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді» деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацта «уәкілетті» деген сөздердің алдынан «орталық және жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта «Ереженің» деген сөз «Нұсқаудың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«құрылымы бойынша бюджет кірістерінің», «(салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, трансферттердің түсуі)» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақта бірінші абзацта «Кірістердің» және екінші абзацта «кірістердің» деген сөздер «Түсімдердің» және «түсімдердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi