Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5574 болып енгізілді.
Бұйрықтың атауына өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 желтоқсаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 30.11.2016 жылғы № 629 Бұйрығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Күнтубаев Д.Ж.) 2009 жылғы 17 сәуірдегі мерзімге дейін осы Нұсқаудың қосымшаларын ескере отырып, "Бюджеттік процесс мониторингі" бағдарламалық қамтамасыз етуін пысықтасын және оның бюджеттік мониторинг жүргізу үшін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінде орнатылуын қамтамасыз етсін.
5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереженің атауына өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. Нұсқаудың барлық мәтіні бойынша «Астана» деген сөз «Астананың» деген сөзбен ауыстырылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Бюджеттік мониторинг - міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау.
2. Осы Нұсқаудың әзірлену мақсаты республикалық және жергілікті бюджеттерді тиімді атқару мақсатында бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мониторинг рәсімдерін жүйелеу, сондай-ақ бюджет түсімдерінің атқарылуын қадағалап отыру.
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Түсімдердің атқарылуы кезінде және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру кезінде бюджеттік мониторинг міндеттері:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 26.02.2015 жылғы № 129 Бұйрығымен (24.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 30.03.2015 жылы тіркелді
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.11.2015 жылғы № 583 Бұйрығына сәйкес (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 14.12.2015 жылы тіркелді