Осы Заң халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, көшi-қон процестерiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн, сондай-ақ оралмандар үшін жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 27.03.2002 жылғы № 313-ІІ Заңымен (24.12.2001 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 27.03.2002 жылғы № 313-ІІ Заңымен (24.12.2001 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 06.07.2007 жылғы № 276-III Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1) бейімдеу қызметтері - оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелеріне оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында көрсетілетін, құқықтық консультацияны, мемлекеттік тілді және қалауы бойынша орыс тілін оқытуды, кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын қызметтер кешені;
2-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2009 жылғы № 217-IV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап)
3) еңбек көші-қоны - жеке тұлғалардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы;
4) заңсыз көшіп келушілер - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
5) көші-қон - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі қоныс ауыстыруы;
10) көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударған адамдар;
11) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
12) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы - оралмандардың және олардың отбасылары мүшелерінің уақытша тұруына және оларға бейімделу қызметтерін көрсетуге арналған орын;
13) оралмандардың көшіп келу квотасы - Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін, осы Заңға сәйкес жеңілдіктермен, өтемақылармен және біржолғы жәрдемақылармен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының саны;
14) отбасымен көшіп келу - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзінің отбасы мүшелерімен қосылу үшін отбасы мүшесінің және мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі;