Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2014
"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 295 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 шілдеде № 7788 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 5 қазаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 31.07.2014 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептiлiктi жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептiлiктi жасау және беру ережесінде:
19-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
«20. Қаржы жылының басына бюджет қаражаттарының қалдық сомасы есепке қолмен енгiзiледi, ағымдағы қаржы жылының басынан бастап және соңына дейін өзгерiссiз қалады және ол есептің анықтамалық бөлiмiнде «Бюджет түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер» бағанында көрсетiледi.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы  туралы айлық (жылдық) есепті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық  жобалар, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыру, инвестициялар бойынша, сондай-ақ өзінің мазмұны бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыруға және «Басқалар» деген бөлімде көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған  бюджеттік бағдарламаларға жатпайтын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша  қорытынды деректерді көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қалыптастырады.
Жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы  туралы айлық (жылдық) есепті жергілікті бюджеттер жөніндегі бюджеттік даму бағдарламаларының дамуы туралы есептердің негізінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.  
Басым республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін объектілер бойынша басым республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.»;
«Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттердің атқарылуы туралы, басым республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың, Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есептері, жергiлiктi (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға осы Ережеге 2, 6, 6-1, 7-қосымшаларға   сәйкес (қол қоюмен бекітілмеген) нысандар бойынша қағаз тасығышта және электрондық түрде жібереді. Қағаз тасығыштағы есептер ілеспе хатпен беріледі.»;
«56. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ереженің мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер үшін белгіленген мерзімінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды және Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға (біріктірілген) электрондық түрде ілеспе хатпен жібереді.»;
«79. КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп мынадай үлгіде толтырылады:
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтарына және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес шығыстардың кодтары;
Полная версия
ИС BestProfi