Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 161 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
«Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.01.2015 жылғы № 15 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілсін.
Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау
және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидалары
1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.
2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеуді жылумен жабдықтаушы немесе электрмен жабдықтаушы ұйым (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші) сарапшы ұйымдарды, ғылыми институттар мен қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып жүзеге асырады.
3. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Қызмет көрсетуші алдыңғы нормалар бекітілген сәттен бастап кемінде 18 айдан кейін және кемінде бес жылда бір рет қайта қарайды.
Q0 – есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерде бір жылыту маусымы ішінде тұтынылатын жылу энергиясының жиынтық саны (Гкал/жыл);
Sж – жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың немесе есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған жеке тұрғын үйлердегі үй-жайлардың жалпы алаңы;
үй-жайларының ішкі ауасының орташаланған есептік температурасы 18о C болатын аудандарда сыртқы ауаның 8о C орташа тәуліктік температурасымен және жылытуды жобалауға арналған сыртқы ауаның есептік температурасы минус 30о C-дан төмен және ғимараттардың жылытылатын үй-жайларының ішкі ауасының орташаланған есептік температурасы 20о C болатын аудандарда сыртқы ауаның 10о C орташа тәуліктік температурасымен сипатталатын жылыту кезеңінің ұзақтығы (жылына тәулік);
Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (qmax ), жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (tішкі ), жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tот ), жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (tеж ), жылыту кезеңінің ұзақтығы (n0 ) ҚР ҚНжЕ 2.04-21-2004 (Азаматтық ғимараттардың энергия тұтынуы мен жылу қорғанысы) талаптарына сәйкес анықталады.
6. Жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі үйлердің жобалау деректерін ескере отырып анықталады. Жобалау деректері болмаған жағдайда, сағаттық жылу жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
qүл – 1-кестеге сәйкес көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығыны (сағатына 1 шаршы метрге ккал);
7. Елді мекенде көп пәтерлі тұрғын үйлерде коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда, жылу энергиясын тұтыну нормаларын есептеуді жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша есептік кезең ішінде техникалық және пайдалану сипаттамалары бірдей үйлерді жылытуға арналған жылу энергиясын нақты тұтыну бойынша мынадай формула арқылы жүргізуге жол беріледі:
8. Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормаларын есептеу тәртібі ток қабылдағыштардың жүктемесі мен олардың жану сағатына сәйкес жүргізіледі.
Ескертпе: Егер тұрғын үй бөлмелерінің саны 6 бөлмеден асатын болса, онда шамдарды есептеу мынадай формула бойынша анықталады: бөлмелер саны + 5 = шамдар саны.