Близость слов: Окончание:





Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10313 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник
20 қаңтар 2015 жыл
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 13 қаңтардағы
№ 15 бұйрығымен
бекітілген
Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын электрмен жабдықтаушы ұйым мен жылумен жабдықтау субъектілері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушілер) жүзеге асырады. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Көрсетілетін қызметті берушілер алдыңғы нормалар бекітілген күннен бастап кемінде 18 айдан кейін және бес жылда бір рет қайта қарайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің әрбір санатына арналған есептік кезең үшін 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес формула бойынша есептеледі. Бұл ретте есептік кезең – бұл тұтынылған жылу энергиясы ескеріліп, тұтынушыға төлеуге ұсынылатын жылумен жабдықтауға арналған шартпен белгіленетін уақыт кезеңі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
N0 – 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы;
 Q0 – есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерде бір есептік кезеңнің ішінде тұтынылатын жылу энергиясының жиынтық саны (Гкал/есептік кезең);
Sж – жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың немесе жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған жеке тұрғын үйлердегі үй-жайлардың жалпы пайдалы жиынтық алаңы;
4. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылыту үшін қажетті жылу энергиясының саны (Гкал/есептік кезең) мынадай формула бойынша есептеледі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығымен (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
(tішкі – tот )
 Q0 = qmax x ____________  x 24 x n0  x 10-6 
 (tвн – tро ),
Q0 – жылу энергиясының саны (Гкал/есептік кезең);
qmax – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (ккал/сағ);
tішкі – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытатын тұрғын үй-жайларындағы ішкі ауа температурасы (о C);
tот – есептік кезең үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (0 C);
tеж – жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (0 C);
n0 – есептік кезеңдегі ғимараттағы жылыту жүйесінің жұмыс істеу ұзақтығы (тәулік);
Көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға сағаттық жылу жүктемесі (qmax), көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытылатын тұрғын үй-жайларының ішкі ауасының температурасы (tішкі), жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tөрұ), жылытуды жобалау мақсатында сыртқы ауаның есептік температурасы (tро), жылыту кезеңіндегі жылу тұтыну нормасын есептеу кезінде есептік кезеңнің ұзақтығы (n0) «Ғимараттардың жылу қорғанысы» ҚР ҚН 2.04-07-2022 сәйкес айқындалады».
5. Жылу энергиясын есептеу (Гкал/сағат) аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі үйлердің жобалау деректерін немесе құжаттарын ескере отырып анықталады. Жобалау немесе құжаттық деректер болмаған жағдайда, сағаттық жылу жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
qүл – осы бұйрыққа 1-қосышаға сәйкес көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысы (сағатына 1 шаршы метрге вт);
S – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың жалпы алаңы (шаршы метр)
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығымен (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормаларын есептеу тәртібі ток қабылдағыштардың жүктемесі мен олардың жану сағатына сәйкес жүргізіледі.
8. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормасы (Np ) мынадай формула бойынша анықталады:
ТL  - бір шамның бір айда жанатын сағаты;
ТR  - бір розетканың бір тәулікте жанатын сағаты, ТR  = 7,5 сағат;
РR  - бір электр розеткасының қуаты, РR  = 0,6 кВт.;
Есептеу аспаптары жоқ
 тұтынушылар үшін электрмен
 жабдықтау және жылумен жабдықтау
 бойынша коммуналдық қызметтерді
 тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
 қағидаларына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Жалпы ауданы 1 м2 көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысының мәні, сағатына Вт
Салынған тұрғын үйдің қабаты, қабаттар Ғимараттардың сипаттамасы Сыртқы ауаның есептік температурасы, 0 С
минус 5 минус 10 минус 15 минус 20 минус 25 минус 30 минус 35 минус 40 минус 45 минус 50 минус 55
1985 жылға дейін салынған үйлер үшін
1 - 2 Энергия үнемдеу іс-шараларын есепке алмау және енгізусіз 148 154 160 205 213 230 234 237 242 255 271
3 - 4 95 102 109 117 126 134 144 150 160 169 179
5 және одан жоғары 65 70 77 79 86 88 98 102 109 115 122
1 - 2 Энергия үнемдеу іс-шараларының енгізілуін ескерумен 147 153 160 194 201 218 222 225 230 242 257
3 - 4 90 97 103 111 119 128 137 140 152 160 171
5 және одан жоғары 65 69 73 75 82 88 92 96 103 109 116
1985 жылдан кейін салынған үйлер үшін
1 - 2 1985-2004 ж.ж. үлгілік жобалар бойынша 145 152 159 166 173 177 180 187 194 200 208
3 - 4 74 80 86 91 97 101 103 109 116 123 130
5 және одан жоғары 65 67 70 73 81 87 87 95 100 102 108
Есептеу аспаптары жоқ
 тұтынушылар үшін электрмен
 жабдықтау және жылумен жабдықтау
 бойынша коммуналдық қызметтерді
 тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
 қағидаларына
2-қосымша
Есептеу аспаптары болмаған жағдайда электр энергиясын тұтыну нормасын есептеу кезіндегі шамдардың саны  
  	

Тұрғын үй

Шамдардың саны

1 бөлмелі жатақхана

1 шам

1 бөлмелі

4 шам

2 бөлмелі

6 шам

3 бөлмелі

7 шам

4 бөлмелі

8 шам

5 бөлмелі

9 шам

6 бөлмелі

11 шам

Ескертпе: Егер тұрғын үй бөлмелерінің саны 6 бөлмеден асатын болса, онда шамдарды есептеу мынадай формула бойынша анықталады: бөлмелер саны + 5 = шамдар саны.
Есептеу аспаптары жоқ
 тұтынушылар үшін электрмен
 жабдықтау және жылумен жабдықтау
 бойынша коммуналдық қызметтерді
 тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
 қағидаларына
3-қосымша
Бір шамның бір айда жанатын сағаттың саны
  	

Ай

Жану сағаты (Т L , сағ)

Қаңтар

410

Ақпан

310

Наурыз

260

Сәуір

160

Мамыр

120

Маусым

100

Шілде

100

Тамыз

140

Қыркүйек

190

Қазан

310

Қараша

380

Желтоқсан

440

Бір жыл ішінде жиыны

2920

Полная версия
ИС BestProfi