Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10313 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілсін.
Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын электрмен жабдықтаушы ұйым мен жылумен жабдықтау субъектілері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушілер) жүзеге асырады. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Көрсетілетін қызметті берушілер алдыңғы нормалар бекітілген күннен бастап кемінде 18 айдан кейін және бес жылда бір рет қайта қарайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің әрбір санатына арналған есептік кезең үшін 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес формула бойынша есептеледі. Бұл ретте есептік кезең – бұл тұтынылған жылу энергиясы ескеріліп, тұтынушыға төлеуге ұсынылатын жылумен жабдықтауға арналған шартпен белгіленетін уақыт кезеңі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Q0 – есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерде бір есептік кезеңнің ішінде тұтынылатын жылу энергиясының жиынтық саны (Гкал/есептік кезең);
Sж – жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың немесе жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған жеке тұрғын үйлердегі үй-жайлардың жалпы пайдалы жиынтық алаңы;
4. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылыту үшін қажетті жылу энергиясының саны (Гкал/есептік кезең) мынадай формула бойынша есептеледі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығымен (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға сағаттық жылу жүктемесі (qmax), көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытылатын тұрғын үй-жайларының ішкі ауасының температурасы (tішкі), жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tөрұ), жылытуды жобалау мақсатында сыртқы ауаның есептік температурасы (tро), жылыту кезеңіндегі жылу тұтыну нормасын есептеу кезінде есептік кезеңнің ұзақтығы (n0) «Ғимараттардың жылу қорғанысы» ҚР ҚН 2.04-07-2022 сәйкес айқындалады».
5. Жылу энергиясын есептеу (Гкал/сағат) аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі үйлердің жобалау деректерін немесе құжаттарын ескере отырып анықталады. Жобалау немесе құжаттық деректер болмаған жағдайда, сағаттық жылу жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
qүл – осы бұйрыққа 1-қосышаға сәйкес көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысы (сағатына 1 шаршы метрге вт);
6-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығымен (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормаларын есептеу тәртібі ток қабылдағыштардың жүктемесі мен олардың жану сағатына сәйкес жүргізіледі.
Есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (13.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына
2-қосымша
Ескертпе: Егер тұрғын үй бөлмелерінің саны 6 бөлмеден асатын болса, онда шамдарды есептеу мынадай формула бойынша анықталады: бөлмелер саны + 5 = шамдар саны.
Есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына
3-қосымша