Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 1087 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қарашадағы N 1087 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 1087 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес туралы ережеде:
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың төртінші абзацында:
"Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Ұлттық ғарыш агенттігінің," деген сөздермен толықтырылсын;
"Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздер "Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер "Ұлттық ғарыш агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамына:
мыналар енгізілсін:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы Министрінің орынбасары, төраға
Шығаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Мұрат Насырұлы агенттігі Ғарыш қызметін дамыту стратегиясы басқармасының бастығы, хатшы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және Серік Нығметұлы коммуникация министрі
Досмұханбетов - Қазақстан Республикасының Туризм
Темірхан Мыңайдарұлы және спорт министрі
Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы және ақпарат министрі
Есімов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрі
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдаұлы ортаны қорғау министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы және сауда министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Тәжин - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Марат Мұханбетқазыұлы істер министрі
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы және ғылым министрі
Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович жағдайлар министрі
Есекеев - Қазақстан Республикасы
Қуанышбек Бақытбекұлы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы
Шабдарбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Амангелді Смағұлұлы қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Шаймағамбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Еркін Мұстафаұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Ыбыраев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Азамат Болатұлы Министрінің Кеңсесі
Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі
Ахматов - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Иван Идрисович агенттігі "Бәйтерек" қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директоры
Батырғажин - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық
Азамат Байқуанышұлы компаниясы" акционерлік қоғамының президенті
Жантаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Жұмабек Шәбденамұлы агенттігінің "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Лефтер - "Ғарыштық байланыс және Виктор Дмитриевич радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамының президенті мына:
"Ахметов - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы Премьер-Министрі, төраға
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі
Мұсабаев - "Бәйтерек" қазақстан-ресей
Талғат Амангелдіұлы бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ахметов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Даниал Кенжетайұлы министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрі
Мұсабаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Талғат Амангелдіұлы агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары";
көрсетілген құрамнан Әйтімова Бірғаным Сарықызы, Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы, Қосынов Алмас Олжабайұлы, Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы, Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Дүтбаев Нұртай Нартайұлы, Келімбетов Қайрат Нематұлы, Құлмаханов Шалбай, Қосыбаев Есетжан Мұратұлы, Самақова Айткүл Байғазықызы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Мырзахметов Асқар Исабекұлы, Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы, Бектасов Әбен Ағыбайұлы, Тұржанов Серік Әбдіқалиұлы, Шымырбаев Марат Қатубайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия