Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2015
Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы N 661 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5884 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 9 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.08.2015 жылғы № 693 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 151 (нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4596 болып тіркелген, "Юридическая газета"- 2007 жылғы 25 сәуірде N 62 (1265) газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрiнiң
міндетін атқарушының
2009 жылғы «6» қарашадағы
 № 661 бұйрығымен
бекiтiлген
Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін бiлiктiлiк емтихандарын өткізу қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2012 жылғы № 457 Бұйрығымен (06.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2014 жылғы № 381 Бұйрығымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1.   Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу қағидасы (бұдан әрi –Қағида) 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 7-бабының 28) тармақшасына, 176-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық бiлiмi бар адамдардың кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға даярлығын анықтау мақсатында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылды: 
1)маман – медициналық бiлiмi бар денсаулық сақтау саласының қызметкерi;
2)маманның үздіксіз кәсіптік дамуы жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі – СБ) – маманның кәсіптік қызметінің нақты кезеңінде үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемін өлшеудің бірыңғай шартты бірлігі;
3) сынақтық бірліктерін жинақтау жүйесі – үміткердің соңғы бес жылда үздіксіз кәсіби дамуы іс-шараларына қатысуын біртіндеп есепке алу жүйесі; 
4)үміткер – маман сертификатын алуға үміткер медицина қызметкері;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы. 
Полная версия
ИС BestProfi