«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және әкімшілік деректерді жинауды қамтамасыз ету мақсатында БҰйЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 06.03.2013
Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық министірінің м.а 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 10 қазанда № 7248 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 06.03.2014 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2013 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.09.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандары бекітілсін:
жекелеген инфекциялық және ларазиттік аурулар туралы есеп (1-нысан );
адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ инфекциясын) иммундық-ферменггік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп (4-нысан );
вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп (5-нысан );
профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп (6-нысан );
өткізілген телемедициналық консультациялар мен бейне-конференцбайланыс сеанстарының саны туралы есеп (16-нысан );
стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан ).
көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы есеп (3-нысан );
анықталған диагнозбен өмірінде алғаш рет тіркелген аурулардың саны туралы есеп (56-нысан );
медицина және фармацевтика кадрларының қозғалысы туралы есеп (58-нысан );
психикалық және мінез-құқық бұзылушылығымен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (61-нысан );
психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез-құлықтың бұзылушылығымен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (64-нысан );
уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының есебі (23-нысан ).
жекелеген инфекциялық және паразиттік аурулар туралы есеп (2-нысан );
Полная версия

