«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1418 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 25.02.2015 жылғы № 124 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 32-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін айқындайды.
2. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кеден органдары жүргізетін (бұдан әрі - кеден органдары) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған біліктілік емтиханын тапсыру қажет.
3. Біліктілік емтиханы өткен күні нәтижелер белгіленгеннен кейін, осы емтихандарды өткізген кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті органға емтиханнан өткен тұлғалар туралы ақпаратты электрондық, сондай-ақ жазбаша түрде ұсынады.
4. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тұлғаларға ұсынылған ақпараттың негізінде біліктілік емтихандарының нәтижелері алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттары толтырылады.
5. Осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес біліктілік аттестаттары толтырылғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде біліктілік аттестаттарын емтихан өткізген кеден органдарына поштамен жолдайды.
6. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаттарын алғаннан кейін кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның бейджін ресімдейді және біліктілік емтихандарын тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын және бейджін беруді жүргізеді.
7. Кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын, бейдждерін беру журналын жүргізеді.
8. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты немесе бейдждері жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұдан бұрын кедендік декларациялау жөніндегі аттестатты берген кеден органына еркін нысандағы өтінішті:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) мөлшері 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотографияны қоса бере отырып ұсыну қажет.
9. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2013 жылғы № 1052 Қаулысымен (27.12.2010 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-1. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш беруге құқылы. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады.
Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.10.2013 жылғы № 1052 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2013 жылғы № 1052 Қаулысымен (27.12.2010 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11. Біліктілік аттестатын жою туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2013 жылғы № 1052 Қаулысымен (27.12.2010 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия