Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.01.2015
Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 14 мамырда № 7656 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 6 қаңтардан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 19.08.2014 жылғы № 530 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 168, 169-баптарына сәйкес, сотталғандарды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алдағы уақытта ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 145 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5973 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 225 (26646) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов
Полная версия
ИС BestProfi