«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2016
Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы N 480 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5981 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 13 наурыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.Б. Елеусізова) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д.Дүрмағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Есекеев
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 480 бұйрығымен бекітілген
Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер ұсыну мен депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық ұсыну құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер мен депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен бекітілген, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарияның мемлекеттік тіркелімін жүргізу Ережесіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарияда тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер ұсыну мен депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
2. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарияда тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер ұсыну мен депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйыммен (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) жүзеге асырылады.
2. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу
3. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша, сынақтан өткізу өтініші негізінде (бұдан әрі – сынақтан өткізу өтініші) жүзеге асырылады.
4. Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттаманың иесі немесе меншік иесі уәкілетті ұйымға сынақтан өткізу өтінішін және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша сынақтан өткізу сипаттама туралы сауалнама-сұраулық береді. Өтінішке қоса беріледі:
1) ақпараттық жүйенің атқарылатын бағдарламалық кодтары, мыналарды қосады:
бағдарламалық өнімді әзірлеушілермен тікелей жазылған, бастапқы бағдарламалық кодтарды, сондай-ақ жобада пайдаланылатын, тараптық әзірлеушілердің кодтарын;
қолмен немесе автоматты құрастыру үшін қажетті қызметтік файлдарын;
Полная версия

