Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2020
"Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 515 Қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 27.08.2020 жылғы № 540 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының "Өсімдіктерді қорғау туралы " 2002 жылғы 3 шілдедегі және "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 29 мамырдағы
 N 515 қаулысымен
 бекітілген
"Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Осы "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Өсімдіктер карантині туралы " 1999 жылғы 11 ақпандағы,"Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі,"Өсімдіктерді қорғау туралы " 2002 жылғы 3 шілдедегі,"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " қараңыз. 2002 жылғы 4 желтоқсандағы,"Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы,"Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасындағы (ҚР СЭҚ ТН) тауарлар жіктеліміне сәйкес жіктелетін, техникалық реттеу объектілері болып табылатын пестицидтерге (улы химикаттарға) және олардың әсер ететін заттарына таралады.
3. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
әсер етуші зат - препараттық нысандағы пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық тұрғыдан белсенді бөлігі;
биологиялық препарат (биопрепарат, биопестицид) - әсер ету бастамасы микроорганизм немесе оның тіршілік әрекетінің өнімі болып табылатын препарат;
гербицид - қажетсіз өсімдіктерді жоюға арналған пестицид (улы химикат);
зиянды организмдер - топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылығы өніміне кері әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдік аурулары;
инсектицид - өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғауға арналған пестицид (улы химикат);
пестицидтер (улы химикаттар) айналымы - пестицидтерді (улы химикаттарды) енгізуді (импорт) және шығаруды (экспорт), сондай-ақ онымен байланысты өлшеп орау, орау, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестерін қоса алғанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу (сату немесе жеткізу процестері (кезеңдері);
пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды организмдерге және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ өнімді жинар алдында кептіру, жапырақтарын түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін қолданылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіптілік сыныбы - адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиянды әсерін тигізетін қасиеттерін анықтау үшін пестицидтерді (улы химикаттарды) қауіптілік түрлері және санаттары бойынша бөлу;
Полная версия
ИС BestProfi