Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы N 607 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 3 маусымдағы
 N 607 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (бұдан әрі - Президенттің Күзет қызметі) - Қазақстан Республикасының Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын арнаулы мемлекеттік орган.
2. Президент Күзет қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
3. Президенттің Күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі есепшоттары болады.
4. Президенттің Күзет қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан енеді.
5. Президент Күзет қызметінің құрылымы мен штаттық санын Президент Күзет қызметі бастығының ұсынысы бойынша Республика Президенті бекітеді.
6. Президент Күзет қызметінің іс-әрекетін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
7. Президент Күзет қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 26.
Полная версия
ИС BestProfi