Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2014
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы N 607 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 04.05.2014 жылғы № 814 Жарлығына сәйкес
Редакция 28.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті           Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 3 маусымдағы
N 607 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (бұдан әрі - Президенттің Күзет қызметі) - Қазақстан Республикасының Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын арнаулы мемлекеттік орган.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.06.2012 жылғы № 343 Жарлығымен (30.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2. Президенттің Күзет қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.02.2013 жылғы № 510 Жарлығымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3. Президенттің Күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.02.2013 жылғы № 510 Жарлығымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4. Президенттің Күзет қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан енеді.
4-1. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Президенттің Күзет қызметі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 28.02.2013 № 510 Жарлығына сәйкес
4-2. Президенттің Күзет қызметі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Президент Күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Ереже 4-2-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 28.02.2013 № 510 Жарлығына сәйкес
5. Президент Күзет қызметінің құрылымы мен қызметкерлері штат санының лимитін Президент Күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Республика Президенті бекітеді.
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.02.2013 жылғы № 510 Жарлығымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Президент Күзет қызметінің бастығы Президент Күзет қызметі қызметкерлерінің санын осы мақсатқа бөлінген қаражаттың шегінде белгілейді.
Полная версия
ИС BestProfi