Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 Қаулысы
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттікке) олардың орындалуы жөнiнде ақпарат ұсынсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.05.2008 № 413 Қаулысымен. (29.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.05.2008 № 413 Қаулысымен. (29.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Қазақстанда бәсекелестiктi дамытудың қазiргi заманғы жай-күйiн және проблемаларын талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны іске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiгi
5.1. Субъектiлердiң монополистiк тәртiбiн және мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiн болдырмау
5.2. Экономиканың барлық салаларында бәсекелестiк ортаны құру
5.3. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының институционалдық қайта құрылуын жүргiзу, қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестiк құқықтың халықаралық стандарттарына сәйкес келтiру
Полная версия