Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2015
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 256 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7973 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 13 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген, 2004 жылғы 7 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 29 (23667) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесінде:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 467 қаулысымен
бекітілген»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және оның филиалдарында кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарында қолма-қол ақша енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – клиенттер) қолданылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi