«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.05.2015 жылғы № 7-1/453 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның комитеті;
3) ветеринариялық құжаттар:
ветеринариялық-санитариялық қорытынды – республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне (бұдан әрі – объектілер) беретін, объектілердің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігін (сәйкес еместігін) белгілейтін құжат;
ветеринариялық сертификат – республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының ішінде және республиканың шегінен тыс (экспортқа) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге беретін, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін растайтын құжат;
ветеринариялық анықтама – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган бөлімшесі) ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ жануарлардың, жануардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері тиісті жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа беретін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы құжат;
4) ветеринариялық бақылау бекеті – шекара және кеден пункттерінің (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақталған, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесі;
5) ветеринариялық паспорт – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
6) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акті;
Полная версия