Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 тамыздағы N 727 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 18.03.2016 жылғы № 148 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс операторлары үшін байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не) өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта: 
тақырыбында және одан әрі мәтін бойынша "телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не)" деген сөздер "қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"ұялы операторлардың желісінен (-не)" деген сөздерден кейін "ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы "және ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін" деген сөздер ", ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы "10 (он)" деген сөздер "30 (отыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақтың 2) тармақшасындағы "11" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"40. Шартта реттелмеген басқа да барлық өзара қатынастар Тараптар арасында жеке шарттарда және (немесе) қосымша келісімдерде ескеріледі.";
45-тармақтағы "жергілікті, қалааралық және халықаралық трафик пен Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) трафик" деген сөздер "жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон трафигі, Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) телефон трафигі және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигі" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi