Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1602 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
«Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.07.2015 жылғы № 4-5/605 Бұйрығын қараңыз
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 26 желтоқсандағы
 № 1602 қаулысымен
 бекітілген
Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою
 және өтеу қағидалары
1. Осы Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) индоссамент - мақта қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтарды басқа тұлғаға беруді куәландыратын беру жазбасы;
2) индоссант - мақта қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтарды беретін тұлға;
3) индоссат - мақта қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтарды қабылдайтын тұлға;
4) кепіл куәлігі - мақта қолхатының оның ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындауды талап ету құқығын куәландыратын бір бөлігі;
5) қойма куәлігі - мақта қолхатының оны ұстаушының мақтаға иелік ету құқығын куәландыратын бір бөлігі;
6) мақта қолхаттарының тізілімі - мақта қолхаттарын есепке алу құжаты;
7) ұсынушыға арналған аккредитив - кепіл куәлігін ұстаушының келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға болмайтын құжаттамалық аккредитив, оны ашу кезінде қойма куәлігін ұстаушы кепіл куәлігінде көрсетілген талаптардың сомасындағы ақшаны кепіл куәлігін өтеу үшін ұсынуға дейінгі мерзімге осы ақшаны ұсынушыға арналған аккредитив бойынша төлемдер үшін қолдану шартымен аккредитивті ашқан уәкілетті банктің иелігіне береді.
3. Мақта қолхаты екі бөліктен тұрады - қажет болған жағдайда бір-бірінен бөлуге мүмкін болатын қойма куәлігі мен кепіл куәлігі. Мақта қолхаты және оның әр бөлігі ордерлік эмиссиялық емес бағалы қағаздар болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi