Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.01.2016
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қазандағы № 162 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 6 желтоқсанда № 6663 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.04.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1534 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесінде:
14-тармақтағы «бес күндiк мерзiмде» деген сөздер «күнтізбелік бес күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 № 166 Қаулысымен (29.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің және «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» Заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi