1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2022
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 916 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 357 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: »;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
«1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
Министрліктің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бар.»;
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асырады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия