Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 58 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 357 Қаулысына сәйкес 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
жиырмасыншы абзацта «қатысады.» деген сөз «қатысады;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.»;
жиырма үшінші абзацта «қамтамасыз ету.» деген сөз «қамтамасыз ету;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«мемлекеттік авиация қызметі саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асыру.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi