«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.07.2012 жылғы № 916 Қаулысымен (08.02.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, N 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 38-1), 38-2), 38-3), 38-4), 38-5), 38-6), 38-7) және 38-8) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.12.2007 жылғы № 1241 Қаулысымен (22.09.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2008 жылғы № 1068 Қаулысымен (19.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.02.2010 жылғы № 58 Қаулысымен (18.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2010 жылғы № 357 Қаулысымен (02.02.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.02.2011 жылғы № 104 Қаулысымен (28.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.07.2012 жылғы № 916 Қаулысымен (08.02.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.06.2014 жылғы № 707 Қаулысымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2014 жылғы № 754 Қаулысымен (27.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (құпия)
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уəкілетті орган болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.10.2017 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес (15.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.10.2020 жылғы № 669 Қаулысына сәйкес (19.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және директиваларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.