Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 1113 Жарлығы
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметі актілерінің жинағында толық
мәтіні және республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
2-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (29.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 04.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті                                 Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2010 жылғы 29 қарашадағы
 № 1113 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 02.07.2014 жылғы № 851 Жарлығымен (27.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бағдарламаның              Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
атауы                      саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға
                           арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
                           бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіз         «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
                           дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
                           Қазақстан Республикасы Президентінің
                           2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаны әзірлеуге     Қазақстан Республикасы Денсаулық
жауапты мемлекеттік орган  сақтау министрлігі
Бағдарламаны іске          Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі,
асыруға жауапты            Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,
мемлекеттік органдар       Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, 
                           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, 
                           Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, 
                           Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі,
                           Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі,
                           Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері
Полная версия
ИС BestProfi