Близость слов: Окончание:





Кеден одағы Комиссиясының Хатшылығы туралы келісімді ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы N 205-IV Заңы
Мәскеуде 2008 жылғы 12 желтоқсанда қол қойылған Кеден одағы Комиссиясының Хатшылығы туралы келісім ратификациялансын.
Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы
 КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты және 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты негізге ала отырып,
Кеден одағы комиссиясының хатшылығы (бұдан әрі - Хатшылық) 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шарттың 11-бабына сәйкес Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) жұмыс органы болып табылады. Хатшылық қызметін ұйымдастыру Комиссия бекітетін регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
лауазымды адамдар — Тараптар кеден одағының жоғары органының (бұдан әрі - кеден одағының жоғары органы) функцияларын орындаған кезде олардың әрқайсысы үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі белгілеген лауазымдар квоталарына сәйкес Тараптардың ұсынысы бойынша Комиссия бекітетін адамдар;
қызметкерлер - Хатшылықтың құрылымдық бөлімшелерінде мамандар ретінде жұмыс істейтін адамдар;
техникалық және қызмет көрсетуші персонал - Хатшылықтың жұмысына қызмет көрсету жөніндегі функцияларды орындау үшін жалданатын адамдар (жүргізушілер, техника жөндеуді, үй-жайды жинауды жүзеге асыратын және өзге де техникалық функцияларды орындайтын адамдар);
отбасы мүшелері - жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және асырауындағы адамдар.
1. Хатшылық кеден одағының жоғары органының, Комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыруды және оларды ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
2. Хатшылық мынадай функцияларды жүзеге асырады:
а) кеден одағын қалыптастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі мәселелер бойынша, оның ішінде халықаралық шарттарды жасасу мен өзгерту бойынша кеден одағының жоғары органы мен Комиссияның қарауы үшін материалдар, шешім жобалары мен ұсынымдар дайындау;
Полная версия
ИС BestProfi