Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 29 тамыз N 939
Редакция 31.03.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: 
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына  (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-бап):
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 331         
оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің
"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты 6" деген жолдар алынып тасталсын; 
2)  Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 31.03.2004 жылғы № 1327 Жарлығымен (29.08.2002 ж. редакцияны қараңыз)
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 8 мамырдағы N 868 Жарлығының  күші жойылды деп танылсын.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің аумақтық органдары штат санының лимитін қысқарту есебінен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының штат саны лимитін ұлғайтсын. 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 29 тамыздағы
N 939 Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары 
Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі 
Президенттің Парламенттегі Өкілдігі 
Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты 
Полная версия
ИС BestProfi