Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 31 наурыздағы
 № 414 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
Пайымдау – бәсекеге қабілетті спорт құмар ұлтты қалыптастыру.
1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау
1-кіші бөлім жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1719 Қаулысымен. (31.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
2011 жылы саланың қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
2011 жылы 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды.
Осы кезеңде саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
Полная версия
ИС BestProfi