Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2015
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                                                                                      К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 414 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
Пайымдау – бәсекеге қабілетті спорт құмар ұлтты қалыптастыру.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2012 жылғы № 1719 Қаулысымен (31.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1812 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1537 Қаулысымен (20.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру
Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
2012 жылы саланың қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру үшін халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдық шаралар жүзеге асырылды.
Осы кезеңде саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленіп бекітілді.
Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Егер Дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла бастаған 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының 2,3 млн. адамын (15 %) құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға дейін артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адамды, 2010 жылы – 2,8 млн. адамды (17,7 %), 2011 жылы 3,3 млн. адамды немесе 20,0 %-ды, 2012 жылы – 3,6 млн. адамды немесе 21,6 %-ды құрады.
Полная версия
ИС BestProfi