Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.02.2018
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 15.02.2018 жылғы № 636 Жарлығына сәйкес
Редакция 11.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі — Стратегиялық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар өз қызметінде Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылдан бастап Стратегиялық жоспарды іске асыру мониторингінің нәтижелерін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынатын болсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (01.02.2010 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2010 жылғы 1 ақпандағы
 № 922 Жарлығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
1997 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы (бұдан әрі — "Қазақстан-2030" стратегиясы) белгіленді. Бұл Стратегия егеменді республиканы әлемнің  ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерінің біріне айналдыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын айқындап берді.
"Қазақстан-2030" стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар елді одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдар әзірлеудің негізіне айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылғы желтоқсанда бекіткен Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі — Стратегиялық жоспар-2010) "Қазақстан-2030" стратегиясын іске асырудың алғашқы онжылдық кезеңі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі — Стратегиялық жоспар-2020) 2010 жылдан бастап 2019 жылды қоса алғандағы аралықты қамтитын "Қазақстан-2030" стратегиясын іске асырудың келесі кезеңі болмақ.
Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асырылудың аяқталу мерзіміне қарай және Стратегиялық жоспар-2020-ны әзірлеу кезеңінде дамудың сыртқы жағдайлары елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаһандық дағдарысқа қарсы тұруға беттеді.
Экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы ұлттық экономиканың әлемдік немесе өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарларына төтеп беруін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды.
Полная версия
ИС BestProfi