Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2015
"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1719 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 2-бөлімнің «1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру» деген кіші бөлімі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау.
Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
2011 жылы саланың қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
2011 жылы 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды.
Осы кезеңде саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Егер 2007 – 2014 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спорттың дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының (15 %-ы) 2,3 млн. адамын құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам (17,7 %), 2011 жылы 3,3 млн. адам немесе 20,0 %-ын құраған.
Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат ете отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту үдерістерінің негізгі сипаттары: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыда дамытуда спортты пайдалану болып табылады.
1) спорттық думандардан және спорттық қызмет көрсету секторынан;
2) спорттық телерадио хабарларын тарату көлемінің артуынан;
3) халықтың қажеттілігін ескере отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытудан;
4) қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметін көрсету ұсыныстарының әдістері мен құралдарының алуандығынан түсетін табыстың өсуіне әкелді.
Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2011 жылдың өзінде 18 мыңнан астам бұқаралық-спорттық іс-шара өткізілді, оларға 4,1 млн астам адам қатысты.
Өткен төрт жыл кезеңінде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында «Бірге жарысамыз» атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сонымен қатар әрқайсысында 2 млн. астам адам қатысатын президенттік тестілер тапсыру айлықтарын өткізу дәстүрге айналды.
Полная версия
ИС BestProfi