Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2015
"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1812 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 2-бөлімнің «Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деген 2-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Пекинде өткен 2008 жылғы ХХIХ жазғы Олимпиада ойындарында 13 олимпиадалық наградаларға ие болдық, оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль, бұл бейресми есепте Қазақстанға жалпы командалық 29-орынды қамтамасыз етті.
Жеңіп алынған медальдардың жалпы саны бойынша бұл Қазақстан құрамасының 1996 жылдан бастап қатысқан барлық кезеңдердегі (Атланта, АҚШ, 1996 жыл – 11 медаль; Сидней, Австралия, 2000 жыл – 7 медаль; Афины, Грекия, 2004 жыл – 8 медаль) үздік жетістігі болып табылады.
2010 жылы қазақстандық спортшылар Ванкувердегі (Канада) ХХI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадада күміс медальға қол жеткізілді. Олимпиадада өнер көрсету қорытындылары бойынша 7 қазақстандық атлет әлемнің мықты спортшыларының алғашқы ондығына кірді.
2011 жылғы Әлем чемпионатында, Әлем кубоктерінде, Азия чемпионаттарында, Еуропа чемпионаттарында және спорт түрлерінен халықаралық турнирлерде 797 медаль, оның ішінде 236 алтын, 262 күміс, 299 қола медаль, сонымен катар олимпиадалық емес спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында 67 медальдары, 18 алтын, 22 күміс, 27 қола медаль ұтып алынды.
2010 жылы Қазақстанның жастар құрамасы тұңғыш рет Сингапурдағы 1-ші жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысты, оның қорытындылары бойынша 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальды иеленді, 204 елдің ішінде 3500 спортшы қатысқан жарыста 24-орынға иелік етті.
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысудың қорытындылары бойынша Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс және 17 қола награда ұтып алды, Азия ойындарының рекордын белгілей отырып, бірінші орынды жеңіп алды.
Қабылданған шаралардың арқасында барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында спортшыларды даярлау бойынша кезең-кезеңмен және жүйелі жұмыс қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні олимпиадалық резерв даярлау орталығының 17-сі жұмыс істейді, онда 1265 спортшы спорттық шеберлігін арттырады, 8 республикалық мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығында 984 спортшы өзінің спорттық шеберлігін арттырады және орталықтың 95% спортшысы Қазақстан ұлттық құрама командаларының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамасына кіреді.
2007 – 2011 жылдар кезеңінде мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.
2007 – 2011 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде республикада 16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) құрылды.
Бүгінгі күні 418 БЖСМ-да 256 мыңнан астам бала немесе оқушылардың жалпы санының 10,6%-ы айналысады.
Сонымен қатар, болашағынан үміт күттіретін 2988 оқушы оқитын спортта дарынды балаларға арналған 11 өңірлік мектеп-интернат және жалпы саны 1191 адамды қамтитын 4 республикалық мектеп-интернат ашылды.
Полная версия
ИС BestProfi