1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 Қаулысы
Редакция 29.12.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2010 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2010 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2010 жылғы 10 шілдеден және 2011 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары
№ | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға жауапты | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ІІМ | 4-тоқсан |
2 | Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына ғылыми сараптама жүргізуді көздейтін заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині, СІМ | 1-тоқсан |
3 | Әділ сотқа қарсы құқық бұзушылықтармен күрес жөніндегі шараларды күшейту туралы ұсыныстар енгізу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | ПМК, СӘК (келісім бойынша) | 1-тоқсан |
4 | Мамандандырылған қылмыстық соттарды құру және оларды сот жүйесінің объектілеріне қойылатын талаптарға жауап беретін әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз ету мәселесін қарау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | ПМК, СӘК (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 1-тоқсан |
5 | Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ЭҚЖҚКА (келісім бойынша) | 2-тоқсан |
6 | Жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін реттеу мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық базаны дайындау | Үкіметтің қаулылары және СӘК төрағасының бұйрығы | СӘК (келісім бойынша) | 3-тоқсан |
7 | «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині | 4-тоқсан |
8 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині | 4-тоқсан |
9 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | БП (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
10 | «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині | 2-тоқсан |
11 | «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині, БП (келісім бойынша), ИЖТМ, ЭДСМ | қыркүйек |
12 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині, БП (келісім бойынша), ИЖТМ, ЭДСМ | қыркүйек |
13 | «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Конституциялық заң жобасы | ЖС (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
14 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ММ (жинақтау), Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині, АШМ, СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 3-тоқсан |
15 | «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ЕХӘҚМ | 3-тоқсан |
16 | Алып татсалды - ҚР Үкіметінің 2010.12.29 N 1443 Қаулысымен. | |||
17 | Жергілікті соттарда ақпараттық дүңгіршектер енгізу жөніндегі мәселені қарау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | ПМК, СӘК (келісім бойынша), ЭДСМ | 3-тоқсан |
18 | Шанхай ынтымақтастық ұйымының Терроризмге қарсы конвенциясын ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ҰҚК (келісім бойынша) | 3-тоқсан |
19 | Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жұртшылық өкілдерін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тарту | Үкіметке ақпарат | Әділетмині, ММ, мүдделі мемлекеттік органдар | 3-тоқсан |
20 | Мәмілелерді жасауда, оның ішінде қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған осындай мәмілелерге уәкілетті органның тарапынан бақылауды күшейту бөлігінде мүдделілік бар мәмілелерді жасау тәртібін жетілдіру | Үкіметке есеп | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
21 | Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасалуын және инсайдерлік ақпараттың таралуын бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | Үкіметке ақпарат | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
22 | Инвестициялаудың ұжымдық нысандарын жүзеге асыратын инвесторлардың өз қызметі туралы ақпаратты жариялау деңгейін арттыру мүмкіндігін қарастыру | Үкіметке ақпарат | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
23 | Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | ВАК отырысында заң жобасының тұжырымдамасын қарау | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
24 | Интернет желісі арқылы сақтандыруды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілеу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау | Үкіметке ақпарат | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 3-тоқсан |
25 | Мемлекеттік билік деңгейлері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы қызметтерді одан әрі ұтымды және дәл бөлу жөніндегі шараларды пысықтау | Үкіметке есеп | ЭДСМ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар | 4-тоқсан |
26 | Мемлекеттік қызметтер тізілімін кеңейту мақсатында нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу | Үкімет қаулысы | ЭДСМ МҚІА (келісім бойынша), Әділетмині | 4-тоқсан |
27 | Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүргізу | Үкіметке есеп | МҚІА (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
28 | Қолданыстағы заңнаманы жүйелеу | Үкіметке есеп | Әділетмині | 4-тоқсан |
29 | Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу | Жарлық жобасы және МҚІА төрағасының бұйрықтары | МҚІА (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
30 | Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру | Үкімет қаулылары және ТМРА төрағасының бұйрықтары | ТМРА | 4-тоқсан |
31 | Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы осы саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру мәселесі бойынша заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділетмині | 4-тоқсан |
32 | Инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | ВАК отырысында заң жобасының тұжырымдамасын қарау | ККА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині | 4-тоқсан |
33 | Бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бағалау стандарттарын әзірлеу | Әділет министрінің бұйрықтары | Әділетмині | 4-тоқсан |
34 | Әлеуметтік салада зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамыту бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу | Үкімет қаулылары | Еңбекмині, | 4-тоқсан |
35 | Табиғатты ұтымды пайдалануды ынталандыруға және экологиялық нормативтерді сақтауға, экологиялық таза өндірістерді және азаматтардың экологиялық жағынан қауіпсіз жүріп-тұруын дамытуға бағытталған экологиялық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | ВАК отырысында заң жобасының тұжырымдамасын қарау | Қоршағанортамині, АШМ, | 4-тоқсан |
36 | Әкімшілік учаске халқының пікірін ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларын тағайындау ережесін әзірлеу | Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 4-тоқсан |
37 | Қазақстан Республикасының сыртқы барлау органдарының қызметін жетілдіру | Жарлық жобасы және Үкімет қаулылары | Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (келісім бойынша) | 4-тоқсан |
38 | Жергілікті соттарда сот процестерін аудио-бейне жазып алу жүйелерін енгізу, жергілікті соттарда және сот орындаушыларының аумақтық бөлімдерінде «Сот органдарының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін» енгізу. Мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, сот жүйесінің ақпарат кеңістігін мүдделі мемлекеттік органдармен біріктіру | Үкіметке есеп | ЖС (келісім бойынша), СӘК (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар | 4-тоқсан |
39 | Алып татсалды - ҚР Үкіметінің 2010.12.29 N 1443 Қаулысымен. | |||
40 | Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру | Үкіметке есеп | Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 4-тоқсан |
41 | Заңдық білім беру деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау | Үкіметке есеп | БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 4-тоқсан |
42 | «Студенттік омбудсмен» жобасын іске асыру | Үкіметке ақпарат | БҒМ | 4-тоқсан |
43 | Адамның бас бостандығын және меншікке қол сұғылмаушылықты сотқа дейін шектеуге байланысты қылмыстық-іс жүргізуге мәжбүрлеудің жекелеген шараларын санкциялауды соттың құзыретіне кезең-кезеңімен беру туралы ұсыныстар енгізу | Президент Әкімшілігіне ұсыныс | ЖС (келісім бойынша), ЭСЖҚКА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), IIM, БП (келісім бойынша), Қаржымині, Әділетмині, ЭДСМ | 4-тоқсан |
Ескертпелер: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ЭСЖҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
СӘК - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ВАК - Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
Полная версия