Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2014
"Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 664 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 қаңтарда № 6741 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 27.05.2014 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес
Сырттай байқау рәсімін жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5290 тіркелген, 2010 жылғы 10 қазандағы № 155 (1555) «Заң газетінде» жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
«3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Сырттай байқау әкiмшiсi қорытынды есебiнiң нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; 
аталған бұйрықпен бекітілген Сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есебін келісу ережесінде:
1-тармақта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетімен (бұдан әрі - Комитет), оның аумақтық бөлiмшелерiмен және олардың филиалдарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық бөлімшесімен (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшесі) және оның филиалымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша «Комитет, оның аумақтық бөлімшесі», «Комитетпен, оның аумақтық бөлімшесімен» деген сөздер тиісінше «Комитеттің аумақтық бөлімшесі», «Комитеттің аумақтық бөлімшесімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д. Үсенова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 664 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
№ 400 бұйрығымен бекітілген
Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебі
_____________________________________________________________________
Полная версия
ИС BestProfi