Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2014
Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 400 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5290 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 27.05.2014 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес
Редакция 13.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1) сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысаны;
2) сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебін келісу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2010 жылғы № 664 Бұйрығымен (12.08.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.03.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 400 бұйрығымен бекітілген
Нысан өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2010 жылғы № 664 Бұйрығымен (12.08.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.03.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Нысан өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (28.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебі
 _____________ ________________ (күні) (жасалған жері)
 ____________________________________________________________________________________________________
 ________________________________________________________________________________________________________
 (борышкердің ұйымдастыру - құқықтық нысанын көрсете отырып толық және қысқаша атауы/Т.А.Ә. (құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде), жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркегені туралы ақпарат, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))
 _______________________________________________________________________________________________________
 (борышкердің орналасқан немесе тұрғылықты жері (заңды мекенжайы), байланыс телефондары)
Полная версия
ИС BestProfi