Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1239 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес
«Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 26.03.2015 жылғы № 216 Бұйрығын қараңыз
Редакция 05.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесі мен ұсыну мерзімділігі;
2) кәсіби ұйымның басшылық құрамы туралы жыл сайынғы есеп нысаны;
3) кәсіби ұйымға кірген (шыққан) аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың саны туралы жыл сайынғы есеп нысаны;
4) кәсіби ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауы туралы жыл сайынғы есеп нысаны;
5) аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу және сертификаттар беру туралы жыл сайынғы есеп нысаны;
7) аудиторлық ұйым сыртқы сапа бақылауынан өткені туралы есеп нысаны;
8) аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есеп нысаны;
9) аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы есеп нысаны;
10) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы қаулының 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 8), 9) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                            К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 31 қазандағы
 № 1239 қаулысымен
 бекітілген
Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесі мен ұсыну мерзімділігі
 
р/с № Есептің атауы Ұсыну мерзімі
1 2 3
Кәсіби аудиторлық ұйымдар
1 Кәсіби ұйымның басшылық құрамы туралы жыл сайынғы есеп нысаны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін
2 Кәсіби ұйымға кірген (шыққан) аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың саны туралы жыл сайынғы есеп нысаны
3 Кәсіби ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауы туралы жыл сайынғы есеп нысаны
4 Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу және сертификаттар беру туралы жыл сайынғы есеп нысаны
5 Аудиторлық ұйымдар туралы есеп нысаны тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде
Аудиторлық ұйымдар
6 Аудиторлық ұйым сыртқы сапа бақылауынан өткені туралы есеп нысаны сыртқы сапа бақылауынан өткеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде
7 Аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы есеп нысаны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін
8 Аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есеп нысаны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін
9 Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысаны азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасаған күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде
Полная версия
ИС BestProfi