«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1239 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес «Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 26.03.2015 жылғы № 216 Бұйрығын қараңыз
Редакция 05.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
3) кәсіби ұйымға кірген (шыққан) аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың саны туралы жыл сайынғы есеп нысаны;
5) аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу және сертификаттар беру туралы жыл сайынғы есеп нысаны;
9) аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы есеп нысаны;
10) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы қаулының 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 8), 9) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1239 қаулысымен бекітілген
нысан
Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесі мен ұсыну мерзімділігі
р/с № | Есептің атауы | Ұсыну мерзімі |
1 | 2 | 3 |
Кәсіби аудиторлық ұйымдар | ||
1 | Кәсіби ұйымның басшылық құрамы туралы жыл сайынғы есеп нысаны | есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін |
2 | Кәсіби ұйымға кірген (шыққан) аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың саны туралы жыл сайынғы есеп нысаны | |
3 | Кәсіби ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауы туралы жыл сайынғы есеп нысаны | |
4 | Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу және сертификаттар беру туралы жыл сайынғы есеп нысаны | |
5 | Аудиторлық ұйымдар туралы есеп нысаны | тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде |
Аудиторлық ұйымдар | ||
6 | Аудиторлық ұйым сыртқы сапа бақылауынан өткені туралы есеп нысаны | сыртқы сапа бақылауынан өткеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде |
7 | Аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы есеп нысаны | есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін |
8 | Аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есеп нысаны | есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін |
9 | Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысаны | азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасаған күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде |
Полная версия