Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 541 Қаулысы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 6 маусымдағы
 N 541 қаулысымен
 бекітілген
"Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Осы "Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жемістер, көкөністер және оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне және тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық регламент осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (ҚР СЭҚ ТН) сай өндірілген, қайта өңделген және әкелінген жемістерге, көкөністерге, түйнек жемістілерге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне (бұдан әрі - жеміс-көкөніс өнімдері) қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жемістердің, көкөністердің, түйнек жемістілердің және оларды қайта өңдеу өнімдерінің адам өміріне, денсаулығына, тұтынушылардың мүдделеріне және қоршаған ортаға қауіпті әсері сонымен қатар әрі санитариялық, фитосанитариялық және гигиеналық нормалар мен талаптарды бақылайтын мемлекеттік органдар тарапынан талаптар белгілеуді қажет ететін аса ықтимал қауіпті факторларға мыналар жатады: 
- жарамдылық мерзімі, сақтау және тасымалдау; 
4. Осы Техникалық регламент балалар тағамы өнімдеріне, шырындарға, сондай-ақ жемістер мен көкөністен дайындалатын тамақтық қоспаларға қойылатын талаптарды қамтымайды. Осы Техникалық регламент, сондай-ақ, жемістерден, көкөністерден, жабайы жемістерден, жидектерден, шөп өсімдіктері мен генетикалық түрлендірілген объектілерден өндірілетін жемдік, техникалық өнімге және медициналық препараттарға қойылатын талаптарды да қамтымайды.
5. Жемістерді, көкөністерді, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіру олардың таңбалануы мен сыртқы түрін қарау, қимасында сыртқы түрін, иісін, дәмін және консистенциясын бағалап, үлгілерінің сынақтарын өткізу арқылы жүргізіледі. Сынақтар мен бақылау әдістері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi