"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 Қаулысы
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.03.2012 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (28.05.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 13.02.2015 жылғы № 90 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.03.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 342 (28.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 қаулысымен бекітілген
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 342 (28.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
"Мемлекеттік сатып алу туралы " Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 № 1320 Қаулысымен. (26.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қор биржаларының тізбесі:
"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы ретінде анықталған қор биржасы;
London Stock Exchange;
Тоkуо Stock Exchange;
New York Stock Exchange;
Australian Stock Exchange;
Frankfurt Stock Exchange.
Әлеуетті өнім берушінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы құжат жазбаша нысанда ұсынылады және осы қор биржасының деректемелерін қамтуға тиіс. Құжат әлеуетті өнім берушілерге қор биржасы хатының түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі түрінде ұсынылады.
2-тармақ толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1320 Қаулысымен).
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 342 Қаулысымен (28.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.05.2009. № 786 Қаулысымен. (31.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1320 Қаулысымен. (26.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия