Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 Қаулысы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес (02.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2018 ж. бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Редакция 04.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес (02.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2018 ж. бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы
28 желтоқсандағы
№ 1727 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2013 жылғы № 996 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (24.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2017 жылғы № 464 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2018 жылғы № 217 Қаулысымен (02.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2018 ж. бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2020 жылғы № 259 Қаулысымен (24.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.08.2022 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне де қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша.
Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдер болып бөлінеді;
2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянат тіркелген күннен бастап, сондай-ақ Заңның 101-1-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп танылған қызметкерлерге ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;
3) біржолғы төлемдер (біржолғы тұрғын үй төлемі және біржолғы ақшалай өтемақы) – Заңның 101-1-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 101-9-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін біржолғы сипаттағы төлемдер;
4) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін аудару және төлемдерді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін тұрғын үй төлемдерін алушылар өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;
5) тұрғынжайдың пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;
6) мекемелер – қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын республикалық мемлекеттік мекемелер;
7) тұрғын үй комиссиясы – қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғын үйге мұқтаж деп тану, тұрғын үй төлемдерін тағайындау, тұрғын үй комиссиясының бұрын қабылданған шешімдеріне өзгерістер, толықтырулар енгізу, олардың күшін жою мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін мекеме басшысының шешімімен құрылатын комиссия;
Полная версия
ИС BestProfi