1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:
Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94-1 Заңы
Құжат мәтініндегі "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VІ" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңы бойынша (09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «тұрғын жай» сөздері «тұрғынжай» сөзімен ауыстырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 270-V Заңы бойынша (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылғы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «оралман» деген сөздер «қандас» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327-VI Заңына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1 Бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы
1-бап өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы № 479-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;
2) пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды пайдалану құқығының жүзеге асырылуына және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді алуға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақша өзгертілді ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;
5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына;
6) арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері жəне əскери қызметшілер қатысатын тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (18.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 6-тармақша өзгертілді ҚР 06.10.2020 жылғы № 365-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақша өзгертілді ҚР 01.04.2021 жылғы № 26-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
4. Қонақүйлерде, пансионаттарда, интернаттарда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) және ұқсас мақсаттағы басқа да объектілерде тұру (болу) Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (03.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы Заңда реттелген құқықтық қатынастарға, егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі мемлекет қатысатын ұйым болған жағдайда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші мынадай бөліктерде:
1-бап 5-тармақпен толықтырылды ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңына сәйкес (өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жылдық сметада көзделген кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша жарналар бөлігінде;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтау жарналары бөлігінде;
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделмеген іс-шараларға ақы төлеу үшін нысаналы жарналар бөлігінде қолданылмайды.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Полная версия