Близость слов: Окончание:





Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.  
2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) және өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.  
3. Жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) және өзге де ұйымдар (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.  
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев   
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
 2018 жылғы 16 қарашадағы 
 № 767 қаулысымен 
 бекітілген
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы 
1. Мемлекеттік бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы
 

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан – 2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 32-тармағы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
 

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ТКШ ҚазОрталық" АҚ (келісім бойынша), "Қазгеология" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

Бағдарламаның мақсаты

Басқарылатын урбандалу арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту

Бағдарламаның міндеттері

1. "Бірінші деңгейдегі" қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе агломерациялары) орталықтары бар функционалдық қалалық аудандарды дамыту

2. "Екінші деңгейдегі" қалаларда (облыс орталықтары, Семей қаласы) орталықтары бар функционалдық қалалық аудандарды дамыту

3. Функционалдық қалалық аудандардың құрамына кірмейтін моно және шағын қалаларды дамыту

4. Функционалдық қалалық аудандардың құрамына кірмейтін ауылдық елді мекендерді (шекара маңындағы елді мекендерді қоса алғанда) дамыту

5. Халықты сапалы ауызсумен және су бұрудың көрсетілетін қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету

6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту

Іске асыру мерзімдері

2015 – 2019 жылдар

Нысаналы

индикаторлар
 

Нысаналы индикаторлар

2015

жыл

2016

жыл

2017

жыл

2018 жыл

2019

жыл

1. Облыстар бөлінісінде урбандалу деңгейі * , %

Республика бойынша орташа

56,9

57,3

57,4

57,7

58,0

Ақмола облысы (Астана қ. ескере отырып)

75,6

76,6

77,9

78,9

79,8

Ақтөбе облысы

62,3

62,7

63,6

64,2

64,8

Алматы облысы (Алматы қ. ескере отырып)

59,3

59,6

59,3

59,7

60,0

Атырау облысы

47,4

47,9

47,8

47,9

48,0

Шығыс Қазақстан облысы

59,6

60,1

61,1

61,3

61,5

Жамбыл

облысы

40,4

40,3

39,7

39,8

39,9

Батыс Қазақстан облысы

49,7

50,2

51,5

52,2

53,0

Қарағанды облысы

79,1

79,3

79,6

79,8

80,1

Қостанай облысы

52,5

53,1

54,0

54,5

55,0

Қызылорда облысы

43,4

43,9

44,2

45,0

45,1

Маңғыстау облысы

43,7

42,9

40,8

41,0

41,3

Павлодар облысы

70,3

70,5

70,6

70,7

71,2

Солтүстік Қазақстан облысы

43,1

44,0

44,9

45,4

45,9

Оңтүстік Қазақстан облысы

44,9

45,1

45,8

-

-

Түркістан облысы (Шымкент қ. ескере отырып)

-

-

-

46,2

46,5

2. Өңірлер арасындағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша даму айырмасы ** , есе

республика бойынша

3,2

3,2

3,3

3,2

3,2

3. Халықтың мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануы % *** , оның ішінде:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына

қалаларда

58,7

-

59,9

60,9

61,9

ауылдарда

72,3

-

68,9

69,9

70,9

білім беру саласындағы көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

қалаларда

40,0

-

40,0

41,0

42,3

ауылдарда

65,0

-

63,6

64,7

65,6

жалпы орта (орта)

қалаларда

45,1

-

42,2

43,3

44,5

ауылдарда

67,4

-

64,8

65,7

66,8

техникалық және кәсіптік

қалаларда

39,0

-

36,4

36,7

37,4

ауылдарда

59,1

-

54,4

55,5

56,7

денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін кызметтерге

қалаларда

29,0

-

25,9

27,0

28,0

ауылдарда

47,1

-

41,2

42,6

43,7

ауызсу сапасына

қалаларда

37,2

-

32,1

33,4

35,6

ауылдарда

66,6

-

58,7

59,6

61,0

ауаның тазалығына (онда шығарындылардың, түтіннің, шаңның және кірдің болмауы)

қалаларда

30,9

-

27,5

28,4

29,6

ауылдарда

70,3

-

60,6

61,7

62,6




 

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемі:




 

млн. теңге




 




 

2015

жылы

2016

жылы

2017

жылы

2018

жылы

2019

жылы

РБ*

180 755

113 335

69 516

134 491

131903

ЖБ*

16 158

11 751

5 010

49 881

58 476

Бюджеттен тыс қаражат

212 968

523 712

107 750

9 900

13 200

Барлық

қаражат

409 881

648 798

182 276

194 272

203579




 

* Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануына қарай нақтыланады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын (бұдан әрі – Болжамды схема) іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады. Болжамды схема өңірлік саясатты іске асырудың құралы болып табылады, оның мақсаты өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде олардың орнықты дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.  
Бұл ретте елдің өңірлік саясатының базалық идеологиясы экономикалық өсу орталықтарын (ірі қалаларды) басым түрде дамыту және елдің бүкіл аумағында халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құру болып табылады.  
Мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде шешiлетiн мiндеттердi ескере отырып, мынадай терминдер қолданылады.  
1) хаб-қалалар – ұлттық және өңірлік өзара іс-қимыл орталықтары: сауда-логистика және көлік, қаржы және кадр орталықтары, ақпарат пен технологиялардың өнім берушілері;
2) агломерация – бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көпорталықты) өзек қалалардың айналасына жақын орналасқан, өзара тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге де байланыспен біріккен, сондай-ақ аумақтық бірігу үрдісі бар елді мекендердің урбанизациялық топталуы.
Қазақстандағы агломерацияларды айқындаудың негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
орталық қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі;
Полная версия
ИС BestProfi