Близость слов: Окончание:





Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері 
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция  дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне  қадам басып келеді.
Жаңа технологиялық қалып  біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде .
Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын  қабылдадық.
Алдымызға озық дамыған отыз елдің  қатарына кіру мақсатын қойдық.
100 нақты қадам – Ұлт жоспары  жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.  
Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы  бастау алды.
Индустрияландыру бағдарламасы  табысты іске асуда.
«Цифрлық Қазақстан»  кешенді бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі  дамуының кешенді стратегиялық жоспары  жасалды.
Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді .
Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.
Бұл Жолдау  жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция  әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды  .
Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп , брендке айналған  тәуелсіз Қазақстанды құрдық.
2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты емес мүшесі болды.
2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық  етудеміз.
Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін  өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық.
Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі  қалыптасты.
Полная версия
ИС BestProfi