Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2019
Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 226 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.04.2019 жылғы № 142 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 29.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесі бекітілсін.
2. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының басшылары педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың екінші кезеңін өткізу кезінде ұсынылған:
1) осы ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесін;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2011 жылы 27 желтоқсанда № 7355 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 31 наурызда № 127 (27 200), 2012 жылғы 21 сәуірде № 172-177 (27 251) жарияланған) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін басшылыққа алу ұсынылады.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары басшыларының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Б. Асылова
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 226 бұйрығына қосымша
Пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың ұсынылатын тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 09.08.2018 жылғы № 394 Бұйрығымен (24.05.2018	ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 29.11.2018 жылғы № 656 Бұйрығымен (09.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)

Іс-шаралар атауы

1.

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы.

2.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы.

3.

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық олимпиадасы.

4.

«ПедСтарт» мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасы.

5.

«Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» республикалық конкурсы.

6.

«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы.

7.

Математика, физика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған Халықаралық шығармашылық конкурсы.

8.

«Математикалық регата» математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық олимпиадасы.

9.

«Үздік педагог» республикалық конкурсы.

10.

«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауы.

11.

«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слеті.

12.

«Жас ұлан» әскери-спорттық ойынның республикалық финалы.

13.

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы.

14.

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысы.

15.

Балалар музыка мектептері және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың Республикалық фестиваль-байқауы.

16.

«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауы.

17.

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар республикалық байқауы.

18.

«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы.

19.

«Мамандықтар әлемін ашамыз» қосымша білім беру бағыттары бойынша республикалық форумы.

20.

«Менің бастамам - менің Отаным үшін» шығармашылық жобалардың республикалық байқауы.

21.

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар кино шығармашылығының республикалық фестивалі.

22.

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы.

23.

«Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының республикалық көрмесі.

24.

«Үздік мектеп мұражайы» республикалық өңірлік байқауы.

25.

Республикалық педагогикалық оқулар.

26.

«SMART-педагог: кәсіби жетістікке апаратын жол» мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының республикалық конкурсы.

27.

«Жыл әдіскері» республикалық конкурсы.

28.

«Инклюзивтік білім берудің үздік педагогі» мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының республикалық конкурсы.

29.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» білім беру ұйымдарының педагогтары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің республикалық конкурсы.

30.

«Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі» республикалық конкурсы.

31.

Республикалық мектептік спорттық лига (футбол, баскетбол, волейбол).

32.

Оқушылар арасындағы қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша республикалық оқулар.

33.

Оқушылар арасындағы «Жарқын болашақ» республикалық олимпиада.

34.

Мұғалімдер арасындағы Жәутіков олимпиадасы.

35.

«ВІ Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығын фестивалі.

36.

«ВІ Жұлдызай» ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған спартакиадасы.

37.

«Абилимпикс» ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жастар арасындағы кәсіптік шеберлік конкурсы.

38.

Балаларға арналған паралимпиадалық жарыстар.

39.

«Үздік логопед» Республикалық конкурсы.

40.

«Үздік арнайы педагог» Республикалық конкурсы.

41.

«Белая трость», ым-ишара тілі бойынша ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған халықаралық конкурстары.

42.

«Болашақтың инженерлері» STEM-жобалардың республикалық чемпионаты.

43.

«Ғарыш ғасырының жас өнертапқыштары» ғылыми-техникалық шығармашылық бойынша республикалық байқауы.

44.

Жас натуралистер мен зерттеушілердің «Жас зерттеуші» республикалық байқауы.

45.

Жас бард әндерін орындаушылардың «Көктем шуағы» республикалық фестивалі.

46.

Жасанды бедерде спорттық өрмелеу бойынша «Жеңіс шыңы» республикалық жарыстары.

47.

«Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» республикалық балалар этнофестивалі.

48.

«Сердце, отданное детям» республикалық слеті.

49.

Хор ұжымдарының «Бозторғай» республикалық фестиваль-байқауы.

50.

«Балауса» вокал бойынша республикалық фестиваль-байқауы.

51.

«Аула жұлдыздары» аула клубтарының республикалық байқауы.

52.

«Көңіл толқыны» оркестрлер мен ансамбльдердің республикалық фестиваль-байқауы.

53.

Балалар қоғамдық ұйымдары көшбасшыларының республикалық слеті.

54.

«Айтыс - сөз барымтасы» жас ақындардың республикалық байқауы.

55.

«Туған өлке соқпақтары» туристік-өлкетану зерттеу жобаларының республикалық байқауы.

56.

«Айбын» әскери-патриоттық республикалық жастар жиыны.

57.

Әскери-патриоттық клубтардың республикалық слеті.

58.

«Жас Ұлан» («Жас Қыран») өңірлік слеті.

59.

«Ақ бота» республикалық зияткерлік марафоны.

60.

«Русский медвежонок - языкознание для всех» - тіл білімі бойынша халықаралық ойын-конкурсы.

61.

«British Bulldog» ағылшын тілі бойынша халықаралық зияткерлік конкурс.

62.

«Кенгуру - математика барлығы үшін» халықаралық математикалық конкурсы.

63.

«Кенгуру - лингвист» халықаралық лингвистикалық конкурсы.

64.

«Адам және табиғат» жаратылыстану білімі бойынша халықаралық конкурсы.

65.

«Алтын руно» халықаралық ойын-конкурсы.

66.

«Bebras» компьютерлік технологиялар бойынша халықаралық ойын-конкурсы.

67.

Басқа елдердің Министрліктерімен танылған олимпиадалар және конкурстар, зияткерлік және басқа да жарыстар.

68.

Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы.

69.

Мейірхан Әбділдин атындағы астрономиядан және астрофизиканың заманауи мәселелері бойынша мектеп оқушыларының турнирі.

70.

Республикалық «Өзін-өзі тану» олимпиадасы.

71.

Республикалық астрономиялық жаттықтыру «Астрономия барлығы үшін».

72.

Астрономиядан, астрофизикадан және жаратылыстану-ғылымдары бағытындағы халықаралық олимпиадаларға дайындайтын Республикалық кәсіптік мектеп.

73.

Халықаралық Орталық Ресейдің ашық олимпиадасы - астрономия және ғарыштық физика бойынша олимпиада.

74.

Ресей-Халықаралық астрономия бойынша мектеп оқушыларының турнирі.

75.

Халықаралық конкурс «Біз - XXI ғасырдың интеллектуалы», РДИТА, «Алтын Туйун», Қырғызстан.

76.

Халықаралық астрономиялық Олимпиада (ХАО).

77.

Халықаралық астрономиялық және астрофизикалық олимпиада (ХААО).

78.

Азия-Тынықмұхиттық астрономиялық Олимпиада (АТАО).

79.

Халықаралық Жас жаратылыстанушылар турнирі.

80.

Робототехникадан халықаралық «First Global Challenge» олимпиадасы

81.

Халықаралық мектеп-конференция «Ғарыштық ғылым» қ. Казань, Ресей

82.

Халықаралық Жас физиктер турнирі.

83.

«Үздік мектепке дейінгі ұйым».

84.

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік басшысы» республикалық конкурсы.

85.

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» республикалық конкурсы.

86.

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік тәрбиешісі» республикалық конкурсы.

87.

«Ханталапай» республикалық конкурсы.

88.

«Туған жер - алтын бесігім» театрландырылған қойылымдардың республикалық конкурсы.

89.

«Тәуелсіздік және Елбасы» мәнерлеп оқу бойынша республикалық балалар конкурсы.

90.

«Ұлы дала ұрпақтары» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі.

91.

«Үздік орта білім беру ұйымы» республикалық конкурсы.

92.

«Roboland» халықаралық фестивалі.

93.

«KazRoboFootball» Роботтарды басқаратын робо футбол бойынша халықаралық чемпионаты.

94.

«Gunplay» DOTA2 бойынша халықаралық турнирі.

95.

«Шашу» халықаралық өнер фестивалі (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан).

96.

«Менің сүйікті туындым» халықаралық аспапшылар байқауы (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан).

97.

«Шексіз шығармашылық» педагогтер арасындағы халықаралық фестивалі.

98.

«Шырқа дауысым» халықаралық байқауы (Қазақстан, Грузия, Ресей, Қырғызстан).

99.

«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы.

100.

«Сәттілік жолдары» халықаралық байқау-фестивалі (Ресей, Санкт-Петербург).

101.

«Қара теңіз жағасында» халықаралық байқау-фестивалі (Ресей, Сочи).

102.

«Янтарная мозаика» халықаралық байқау-фестивалі (Ресей, Калининград).

103.

«Sochi-New Star!» халықаралық ашық байқау-фестивалі (Ресей, Сочи)

104.

«Салют талантов» халықаралық байқауы.

105.

«Шығармалық шыңы» халықаралық байқау-фестивалі (Ресей, Кисловодск).

106.

«Мәдениеттерді біріктіру» халықаралық байқау-фестивалі (Ресей, Казань).

107.

«Аңызға айналған сахнада» халықаралық байқау-фестивалі (Беларусь Республикасы, Витебск).

108.

«Тбилиси таланттарды күтеді» халықаралық байқауы (Грузия, Тбилиси).

109.

«Очарование Богемии» халықаралық байқау-фестивалі (Чехия, Прага)

110.

«Шығармашылық жаңалық» халықаралық байқау-фестивалі (Ресей, Санкт-Петербург).

111.

«Мелодия малахитовой шкатулки» халықаралық байқауы (Ресей, Челябинск қаласы).

112.

«XXI ғасыр таланттары» халықаралық байқауы.

113.

«Музыка әлемі» халықаралық байқауы.

114.

«Музыкальная сова» халықаралық шығармашылық байқауы.

115.

«Алтын микрофон» халықаралық байқауы.

116.

«Музыкалық отшашу» халықаралық байқауы.

117.

«Алғашқы аккорд» халықаралық байқауы.

118.

«Алтын панорама» халықаралық байқауы.

119.

«Premier Cup» LOL бойынша республикалық турнирі.

120.

«Жаңа жұлдыз» халықаралық байқау-фестивалі.

121.

«Серебряный пассаж» халықаралық байқауы.

122.

«Алтын аңыз» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылық халықаралық байқау-фестивалі.

123.

«Көктемгі отшашу» халықаралық байқау-фестивалі.

124.

«Eurasia piano forum» әртүрлі мамандықта оқитын білім алушыларды фортепианода ойнау дайындықтары бойынша халықаралық байқау.

125.

«Ашық Қазақстан» халықаралық байқау-фестивалі (Astana Stars).

126.

«Жас безендіруші-суретші» халықаралық байқауы (Ресей).

127.

«Юрий Гагарин» халықаралық байқауы (Ресей).

128.

«Менің арманымдағы бөлме» халықаралық дизайн байқауы (Ресей, Санкт-Петербург).

129.

«Дружат дети на планете» Халықаралық балалар суреттерінің байқауы (Беларусь Республикасы).

130.

«VIVA, ROMA!» Балалар және жасөспірімдер шығармашылық халықаралық байқау-фестивалі (Рим, Италия).

131.

«Fresh Children Culture of the World» Халықаралық балалар суретінің көрмесі (АҚШ, Нью-Йорк қаласы).

132.

«Біз жеңісті мақтан тұтамыз!» халықаралық байқауы (Ресей, Салехард қаласы).

133.

«Өз жұлдызыңды жақ» Халықаралық байқауы (Ресей, Мәскеу).

134.

«Кинотаврик» халықаралық өнер фестивалі (Ресей, Мәскеу).

135.

«Жаңа ғасыр таланттары» халықаралық байқауы (Ресей, Мәскеу).

136.

«La Defense» DOTA2 бойынша республикалық турнирі.

137.

«Virtual Combat» CS:GO бойынша республикалық турнирі.

138.

«Kazakhstan Robot Challenge» робототехника бойынша Білім инновациялық лицейлерде білім алушылар үшін республикалық жарыстар.

139.

«Қазақстан-2050» инновациялық жоба олимпиадасы.

140.

«KazRobosport» және «KazRoboProject» республикалық чемпионаты мен ғылыми-жобалар байқауы.

141.

First Kazakhstan Open 1-ші ашық чемпионаты.

142.

Junior World Skills республикалық чемпионаты.

143.

«Болашақтың инженерлері - 3D прототипирование» Қазақстан 1-ші чемпионаты.

144.

«Алтын құс» жеке және дуэтпен би билеу республикалық байқауы.

145.

«Жас ұлан» әскери спорттық ойынның республикалық финалы.

146.

www.ziy atker.org сайтындағы республикалық қашықтықтан интернет байқаулары.

147.

«Гүлдене бер, менің Қазақстаным» республикалық байқауы.

148.

«Зимушка-зима» балалар cypeттepi мен сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығының республикалық байқауы.

149.

«Елдігіміз бірлікте» жас ақындардың республикалық байқауы.

150.

«Ғажайып квиллинг» республикалық шығармашылық байқауы.

151.

«Көктемгі қиял-ғажайып» балалар мен ата-аналардың біріккен шығармашылығының республикалық байқау-дефилесі.

152.

«ТАУ-КҮНІ - ГОРНОЕ СОЛНЦЕ» балалар мен жасөспірімдердің республикалық фестиваль-байқауы.

153.

«Қазақстан таланттарының жұлдызды сәті» республикалық байқауы.

154.

«Жас өнер» республикалық фестивалі.

155.

«Ұлы дала ұрпағы» Махамбет ұрпақтарының республикалық байқауы.

156.

«Жанның құпиялары» Тұңғыш президент әндерінің республикалық байқауы.

157.

«Әнші балапан» (вокал) республикалық байқауы.

158.

«Ақ мамам» (хореография, вокал) республикалық байқауы.

159.

«Алматыдағы қысқы ертегі» (театра, вокал, хореография) республикалық фестиваль-байқауы.

160.

«Talented-kids» (хореография) республикалық байқауы.

161.

«Алғашқы қадамдар» (вокал, хореография, аспапта орындау) республикалық байқауы.

162.

«Биші қайың» (хореография) республикалық байқауы.

163.

«Шаттық» балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауы.

164.

«Бал бала» мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы байқау.

165.

«Сөз шебері» жүргізушілердің байқауы.

166.

«Тұрғын келетін қала» КТА-фестиваль.

167.

«Астана - отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» қашықтықтан өткізілетін шығармалар байқауы.

168.

Техникалық және кәсіпке бейімдеу ұйымдарының білім алушылары арасындағы спорт түрлері бойынша жарыстар.

169.

Спорттың 6 түрі бойынша «SportFest Kazakhstan» спартакиадасы.

170.

Театр және хореография ұжымдары арасындағы «Армандастар» балалар шығармашылығының фестиваль-байқауы.

171.

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің білім алушылар арасында «Pianolis» пианистердің ашық байқауы.

172.

Әскери-патриоттық бағыт бойынша үздік білім беру бағдарламасын анықтауға арналған «Әдістемелік вернисаж» қашықтықтан өткізілетін кәсіби шеберлік байқауы.

173.

Жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы «Ғылым және техника» робототехника және автоматика бойынша фестивалі.

174.

«Өнегелі ұстаз» қосымша білім беру педагогтер арасындағы іштей-сырттай байқауы.

175.

Автомодельді спорт бойынша ашық біріншілігі.

176.

Мотокросс бойынша жарыстар.

177.

«Жас Дарын» көркемөнер және сәндік-қолданбалы өнер балалар шығармашылығының көрме-байқауы.

178.

«Жас әскер» әскери-патриоттық клубтардың слеті.

179.

«Мектеп мұражайы: жаңа мүмкіндіктер» педагогтер арасындағы байқауы.

180.

«Европа-Азия» туристер фестивалі.

181.

Туризм түрлері бойынша жарыстар.

182.

«Үздік әдіскер» әдіскерлер арасындағы байқауы.

183.

«Таңғажайып қас қағым сәт» балалар суреттерінің көрме-байқауы.

184.

«Ұлы дала саздары» өнер мектептері мен музыка мектептерінің білім алушылар арасындағы байқауы.

185.

«Қолөнер шеберлері» сәндік-қолданбалы өнер бойынша көрме-байқауы.

186.

«Струнная капель» бард әндерінің фестивалі.

187.

«Менің Отаным, менің бастауым!» инновациялық жобалардың байқауы.

188.

«Күй - Құдыреті» жас домбырашылардың байқауы.

189.

«Ұлы дала - ұрпағы» халықаралық фестиваль-байқауы.

190.

«Педагогикалық идеялар» байқауы.

191.

«Ертіс жұлдыздары» жас вокалшылардың байқаулары.

192.

«Каблучок» хореография ұжымдарының байқауы.

193.

«Күй тартыс» домбырашылар байқауы.

194.

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Кемпірқосақ» ұлттық мәдениеттердің облыстық фестивалі.

195.

Дизайн бойынша байқау-практикум.

196.

МЖМББС, ҮОЖ-ды және оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысушылар.

197.

Спорттың түрлері бойынша мектептік ұлттық лигасы.

198.

Мектеп оқушылары мен колледж оқушылары арасындағы қысқы және жазғы республикалық спартакиадасы.

199.

ҚР БҒМ-нің ҰҒПДТО-сымен бекітілген республикалық спорттық жарыстары.

200.

Мектеп оқушылары арасындағы спорттық туризм бойынша республикалық жарыстары.

201.

Спорт түрлері бойынша өңірлік мектеп лигасы.

202.

Мектеп оқушылары мен колледж оқушыларының өңірлік спартакиадалары.

203.

ОББ жанындағы ДТӨОПО-мен бекітілген өңірлік спорттық жарыстары.

204.

«Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі» өңірлік конкурсы.

205.

«Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» өңірлік конкурсы.

206.

Әлем чемпионаты.

207.

Азия ойындары.

208.

Азия чемпионаты.

209.

Жасөспірімдердің олимпияда ойындары.

210.

Қазақстан Республикасының чемпионаты.

211.

Спорт түрлері бойынша халықаралық турнир.

212.

«Абай оқулары».

213.

«Мағжан оқулары».

214.

«Мұқағали Мақатаев» оқулары.

215.

«Махамбет оқулары».

216.

А. Фейзулдаев атындағы 7-9 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша олимпиада.

217.

К. Игенбаев атындағы математика пәні бойынша олимпиада.

218.

«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың зияткерлік конкурсы.

219.

«Ұлттық ойындар-рухани байлық» оқушылардың спартакиадасы.

220.

«Елін сүйген, жерін сүйген Елбасы» - ақындар айтысы.

221.

«Жадымда қалған Желтоқсан» - ақындар айтысы.

222.

«Менің бастамам - менің Отаныма» шығармашылық жобалар конкурсы.

223.

«Экономика - біздің айналамызда» - экономикалық ойындар.

224.

«ROBOTO FEST» фестивалі.

225.

Қ. Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиада.

226.

А. Бектуров атындағы химия пәні бойынша олимпиада.

227.

1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының кезеңі.

228.

7-8 сынып оқушылары арасындағы ЖМЦ бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы.

229.

Экономика бойынша республикалық турнир.

230.

«Яссауи» республикалық олимпиада.

231.

«Ақберен» республикалық олимпиада.

232.

«Тарих ата» 5-11 сыныптар арасындағы Қазақстан тарихы бойынша республикалық олимпиада.

233.

1-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» республикалық математикалық турнирі.

234.

«Ауылдың үздік мұғалімі» конкурсы.

235.

(2-4 сыныптар) бастауыш сынып оқушыларының математикалық турнирі.

236.

11-сынып оқушылары арасындағы «Сардар» республикалық олимпиадасы.

237.

7-8 сынып оқушылар арасында физика пәнінен Ж. Ақылбаев атындағы олимпиадасы.

238.

4-6 сынып оқушылар арасында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика пәндерінен «CLEVER» олимпиадасы.

239.

Ж. Қапаров атындағы математикалық олимпиада.

240.

«IQanat» республикалық олимпиадасы.

241.

«Өнерлі ұстаз» шығармашылық конкурсы.

242.

«Болашақ жұлдыздары» конкурсы.

243.

«Өңір таланттары» шығармашылық конкурсы.

244.

«Айгөлек» балалар шығармашылық конкурсы.

245. Оқушылар, мұғалімдер және психологтерге арналған қазақстандық интернет олимпиадалары.
246. «Пони» халықаралық интеллектуалдық турнирі.
247. Шоқан Уәлиханов атындағы кешенді республикалық олимпиада.
248. М.В. Ломоносов атындағы халықаралық интеллектуалдық турнирі.
249. «IQ college» колледждеріне арналған кешенді олимпиада.
250. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлеріне арналған «Зейін» республикалық қашықтық шығармашылық олимпиада.
251. «Мәшһүр Жүсіп» республикалық оқулары.
252. «Әбіш оқулары» республикалық оқулары.
253. Оқушылар арасында халықаралық гроссмейстер Д. Сәдуақасов кубогына арналған Республикалық шахмат турнирі.
254. «BILIM MEDIA GROUP» («Жаңашыл педагог» республикалық конкурсы, «Жобалық жұмыс» он-лайн конкурсы.
255. «BILGEN» Ұлттық орталығының олимпиадалары мен курстары.
256. «Инновационное образование» зияткерлік орталығының олимпиадалары мен конкурстары.
257. SKILLS AKADEMY» (Martebe.kz, Qaztest.kz, Ozattar.kz) олимпиадалары мен конкурстары.
258. «Бейбітшілік әлемі» (Планета мира - World of Peace) Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің іс-шаралары.
259. «Просвещение» республикалық ақпараттық-әдістемелік орталықтың іс-шаралары.
260. «Снейл» қосымша білім беру орталығының іс-шаралары.
261. Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығының іс-шаралары.
262. «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық қорының іс-шаралары.
263. «NIO.KZ» Ұлттық интернет олимпиадасының іс-шаралары.
264. «TIO.KZ» Дәстүрлі интернет олимпиадасының іс-шаралары.
Полная версия
ИС BestProfi