«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 226 бұйрығының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 142 бұйрығы
1. «Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 226 бұйрығының күші жойылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Б. Асылова
Полная версия