«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 Қаулысы
Редакция 29.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
Осы Жүйе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.02.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (29.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) Осы Жүйе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2024 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (26.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) – бұл ұзақмерзімді (5 жылдан астам) және ортамерзімді (бір жылдан қоса алғанда 5 жылға дейін) кезеңдерге арналған құжаттардан, қатысушылардан, процестер мен деректерді басқару қағидаттары мен элементтерінен тұратын өзара байланысқан құрамдастар кешені.
Мемлекеттік жоспарлау әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту және ресурстарды оңтайлы бөлу жөніндегі шараларды, нәтижелерге қол жеткізу тәсілдерін қалыптастыру және міндеттерді шешу жөніндегі қызметті қамтиды.
2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) адамға бағдарлану – мақсаттардың, міндеттер мен нәтижелер индикаторларының халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталуы;
2) айқындық – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын жеке кәсіпкерлік субъектілерімен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, сарапшылық кеңестермен, азаматтық қоғаммен талқылау, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтитын ережелерді қоспағанда, оларды іске асыру қорытындыларын жариялау;
3) нәтижелілік (мәннің нысаннан басымдығы) – нақты және өлшемді нәтиженің оған қол жеткізу жөніндегі жұмыс нысанынан үстем болуы;
4) тиімділік – мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және нәтижелер көрсеткіштеріне ресурстарды мейлінше аз жұмсап, заманауи технологиялық шешімдер негізінде қол жеткізу;
5) келісімділік – жүйеге қатысушылардың нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін үйлестірілген қызметі;
6) шынайылық – мақсаттар мен міндеттерді оларға белгіленген мерзімдерде қол жеткізу мүмкіндіктерін негізге алып, орта мерзімді кезеңдегі тәуекелдер мен ресурстық шектеулерді ескере отырып айқындау;
7) басқарушылық жауапкершілік – нақты басшының құзыреттер саласына кіретін шешімдерді қабылдау мен мәселелерді келісуді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға, оның ішінде нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу тәуекелі болған кезде беруге жол берілмейтіні;
Полная версия